«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района бойынша мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау негізінде нұсқаулықпен таныстыру. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района бойынша мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау негізінде нұсқаулықпен таныстыру.
25
апрель
2023

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района бойынша мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау негізінде нұсқаулықпен таныстыру.

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района бойынша мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін сақтау негізінде  нұсқаулықпен таныстыру.

Мақсаты: Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету


   «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского района бойынша оқушылардың өмір қауіпсіздігі  қазіргі таңда басты мәселе екені айтылып өтті. Мектебімізде «Өмір қауіпсіздігінің  негіздері» міндетті оқу курсы 1-6 сынып аралығында  өткізіледі. 

7-11 сынып бойынша да жоспарға сәйкес жұмыс атқарылып жатыр.

 Бала – өмірдің жалғасы. Әр ата-ана баласының жақсы азамат пен азаматша болғанын қалайды. Олардың болашағы үшін алаңдап, алдағы өміріне азық боларлық тәрбие бергісі келеді. Сол себептен баланың ортасы мен ұстаздары жақсы болғаны жөн. Ата-ана жұмысына кеткенде, баласын уайымдамай жүруі үшін мектептердегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмеуі тиіс. «Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп,  мектебімізде 21 дана бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, оның 13 данасы   мектепішінде, 8 данасы мектеп сыртына орнатқан. Мектебімізде арнайы күзет қойылған. Таңертең сағат 7.00- 18.00 дейін мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қадағалап отырады. Мекеме күзетшісі мектепке кім келді соның бәрін тіркеп, қадағалап отырады. Мектеп әкімшілігіне  кесте бойынша кезекшілік құрылған. Кешкі мезгілде де «Көше», «Жеткіншек» атты рейд аудан көлемінде жүргізіліп отырады.  Сонымен қатар  сынып   жетекшілермен  ата-аналармен  үнемі тығыз байланыста. Ата-ана және педагог болып әр баланың өміріне қатер төндірмеуіміз қажет екені бәрімізге мәлім. Мектеп оқушыларына арналған арнайы қауіпсіздік ережелері бар:

Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
 Көше ережелері туралы тыңдау.
 1. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің  жүріп — тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
 2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
 Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
 3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. 

4. Жүргіншілер жолымен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт.
 
 Осындай қарапайым ғана ережелерді сақтау арқылы балалардың қауіпсіз болатындығын байқаймыз. Әсіресе мектептегі бастауыш сыныптардың қауіпсіздігіне екі есе мән беріледі. Өйткені жоғары сынып оқушылары өздігінен түсініп, ұмытып кете қоймайды. Ал бастауыш сынып оқушыларының есінен шығып кетуі де мүмкін. Сол себептен сынып жетекшілер тікелей жауапты болып саналады.
 Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшісі тәрбие сағаттарында арнайы уақыттар бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ата-аналар жиналысында ата-анасының осындай қарапайым ережелерді сақтау керек екені үнемі айтылып отырады. Сондай-ақ түрлі акциялар өткізу арқылы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Айта кетсем «Абай бол,балақай!», «Жол тәртібін білемі, аман-сау жүреміз» атты акция ұйымдастырылып өтті. Жоғары сынып оқушылары арасында түсінбеушілік орын алмас үшін оқушылар арасындағы жағдай қандай екенін бақылауда ұстаймыз.

     Қауіпсіз ортада жетіліп, ешқандай зорлық-зомбылық көрмеуге жағдай жасауымыз қажет. Келеңсіз жағдай болдырмау үшін, бар күшімізді салуымыз қажет.Әр баланың өмір қауіпсіздігі біз үшін басты міндет.






























Әр бала білуі тиіс қауіпсіздік жайлы 9 ереже

Балалар үшін уайымдауды қалай доғаруға болады? Родителям арналған нұсқаулық.

Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету. Балалар психологы және психотерапевті Ольга Пыхова қарапайым ережелерді автоматты түрде жасайтын деңгейге жеткізуді насихаттайды.

1. Баланы қорқытпаңыз

Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді және бәрін бақылауда ұстауға бейімдейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.

2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз

Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін. Мұндай әңгімелер кем дегенде балаға барынша қырағы болуға әрі дұрыс ойлауға көмектеседі.

3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз

Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау. Алты-жеті жасар балалармен бала бақшада, мектепте, және үйде психолог Людмила Петрановскаяның «Что делать если» және «Что делать если-2» кітаптарын оқуға болады.

Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады (бұл балаларға өте ұнайды). Оқушылар қателерді қуана табады және әрекет ету ережелерін жақсы меңгереді.

10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.

4. Нақты жағдайларды талдаңыз

Егер өрт болса

Не жағдай болмасын, шығатын жер табу. Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет. Бәрінен өмір қымбат!

Баланы бөгде адам алып кетпекші

Бөгде адам баланы алдап алып кететін көптеген роликтер ата-аналарды қатты қорқытады. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне, әсіресе мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Егер балаңызды біреу алып кетпек болса, жанына жақындап, мәселенің анық-қанығын анықтаңыз.

Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеттері (мысалы, халық көп жиналған жерден кетуді сұрауы, көндірмек болуы) күмән тудыруы керек екенін айтыңыз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.

Бала лифте тұрып қалса

Апат кезінде диспетчерге қалай хабарласу керегін айтыңыз. Ойнап хабарласуға болмайтынын түсіндіріңіз, себебі шынымен апат болғанда диспетчер көмекке асықпауы мүмкін. Егер көмек қолы кешігіп жатса, сыртқы киімді шешу қажет, лифт кабинасында ыстықтап, ауа жетіспей кетуі мүмкін. Киімді жерге төсеп, отыруға да болады, сіз бұл үшін ұрыспайтыныңызды айтыңыз. Осылайша бала көмек күтіп отырып күшін сарпымайды және лифт қозғала бастаса қауіпсіздікте болады.

Абайлаңыз – иттер!

Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.

5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз

Бала бақшада, мектепте, қосымша сабақтарда, метрода, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен мен аэропорт қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.

6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз

Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Бұл тізімді үйдің басқа жерлеріне жазып қоюға да болады, жазу үстелінің астына, дәретханаға. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.

7. Оның дайындығын тексеріңіз

Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын), жанындағы үлкендерді, болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.

8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз

Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б. — шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы, егер біреу ұрса немесе өрт басталса), ал басқа жағдайларда бір орында тұру (егер адасып қалса немесе иттер тап берсе) маңызды.

9. Өзіңізден бастаңыз

Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив