«Оқуға құштар мектеп» жобасы - Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/ ru «Оқуға құштар мектеп» жобасы - Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп DataLife Engine «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудан кітапханасында «Адамдық борышың – ар үшін» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/823-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-audan-ktaphanasynda-adamdy-boryshy-ar-shn-tayrybynda-ktaphanaly-saba-tkzld.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/823-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-audan-ktaphanasynda-adamdy-boryshy-ar-shn-tayrybynda-ktaphanaly-saba-tkzld.html Мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке баулу, оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға шақыру.
      Шараға 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Адамдық борыш – өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. 
    Сынып жетекшісі:Ж.К.Сембаева

]]>
Мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке баулу, оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға шақыру.
      Шараға 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Адамдық борыш – өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. 
    Сынып жетекшісі:Ж.К.Сембаева

]]>
admin Wed, 15 May 2024 08:36:13 +0600
12 сәуір – Ғарышкерлер күні https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/808-12-sur-aryshkerler-kn.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/808-12-sur-aryshkerler-kn.html 12 сәуір – Ғарышкерлер күні

Мақсаты: Оқушыларды  ғарыш әлемімен таныстыру. Ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый - құрметтерін нығайту.

   1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері,  ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.  Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары  500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енді: оған дейін бір ұшырылым барысында ашық космоста бір тәуліктен астам уақыт ешкім болып көрмеген.

 Осы Әлемдік даталы күнге арнап «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»кмм-нің кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ғарыштың негізін салушы орыстың ұлы ғалымдары К.Э.Циолковский және С.П.Королевтың  ракеталық техника мен аспан әлеміне саяхаттар, Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен танысты.

]]>
12 сәуір – Ғарышкерлер күні

admin Mon, 15 Apr 2024 09:50:32 +0600
«Ертегілер елінде» https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/772-ertegler-elnde.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/772-ertegler-elnde.html «Ертегілер елінде»

Мақсаты:  Балалардың тілін ертегілер арқылы дамыту, QR-коды

 бар ертегілерді  танытуда жағдайлар жасау. 

Міндеттері: QR-коды бар  кітаптарға, ертегілерге  балалардың қызығушылығын ояту. Кітаптарға  жауапкершілікпен қарау.  QR-коды арқылы балаларды әр түрлі ертегілермен таныстыру,  ертегі кейіпкерлеріне деген көз қарастарын білу. Тіл дамытуда ертегілер таптырмас құрал болып саналады. Ертегі кейіпкерлері балаларға таныс. Ертегінің тілі жеңіл. Осының барлығы баланың белсенділігін арттырады.

]]>
«Ертегілер елінде»

admin Wed, 31 Jan 2024 16:20:30 +0600
"Оқуға құштар мектеп" жобасы https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/759-oua-shtar-mektep-zhobasy.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/759-oua-shtar-mektep-zhobasy.html Жобаның мақсаты- кітапханалардың ахуалы мен көркем əдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Оқушылардың əдеби кітап оқуға құштарлығын оятып, кітап оқуға тарту.
3 "А" сынып жетекшісі Карабатырова К.К

]]>
Жобаның мақсаты- кітапханалардың ахуалы мен көркем əдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Оқушылардың əдеби кітап оқуға құштарлығын оятып, кітап оқуға тарту.
3 "А" сынып жетекшісі Карабатырова К.К

]]>
admin Wed, 17 Jan 2024 15:26:32 +0600
"Кітап оқу-рухани байлық!" https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/750-ktap-ou-ruhani-bajly.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/750-ktap-ou-ruhani-bajly.html Жалпы 15 оқушы қатысты. Өздеріне ұнаған көркем шығармалардан үзінді оқып, мазмұнын айта білді. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне шолу жасап, жағымды, жағымсыз әрекеттерін түсіндірді.
Оқушыларға бір уақыт телефоннан гөрі, кітап оқуға баулу керек. Өз ойларын еркін жеткізе отырып, кітап оқудың қызық екендігін, өмірлік құндылықты кітаптан алатынын түсінді.

]]>
Жалпы 15 оқушы қатысты. Өздеріне ұнаған көркем шығармалардан үзінді оқып, мазмұнын айта білді. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне шолу жасап, жағымды, жағымсыз әрекеттерін түсіндірді.
Оқушыларға бір уақыт телефоннан гөрі, кітап оқуға баулу керек. Өз ойларын еркін жеткізе отырып, кітап оқудың қызық екендігін, өмірлік құндылықты кітаптан алатынын түсінді.

]]>
admin Mon, 08 Jan 2024 13:01:41 +0600
«Үнемі оқитын адам – табысты адам» оқыған кітаптары туралы талқылау. https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/749-nem-oityn-adam-tabysty-adam-oyan-ktaptary-turaly-talylau.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/749-nem-oityn-adam-tabysty-adam-oyan-ktaptary-turaly-talylau.html «Үнемі оқитын адам – табысты адам»

оқыған кітаптары туралы талқылау.

 Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.

   Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты- білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени –рухани орталыққа айналып отырғаны кітапхана екені баршаға мәлім.

 Аталмыш  іс-шара оқырмандарды кітапханаға тарту, жаңа келген кітаптармен таныстыру мақсатында ұйымдастырлған болатын. Шара  барысында жаңа келген кітаптар насихатталып оқушылар өз оқыған қызықты кітаптары туралы айтып берді.

]]>
«Үнемі оқитын адам – табысты адам»

admin Fri, 05 Jan 2024 08:27:07 +0600
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/748-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-men-oyan-br-erteg-parasattyly-turaly.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/748-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-men-oyan-br-erteg-parasattyly-turaly.html «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Мен оқыған бір ертегі», 

«Парасаттылық туралы» 

Қазіргі заман балалар кітапханаларының маңыздылығы.   Кітапханашыларды қуантатыны – балалардың оқу мәселесінің де мәдени феномен ретінде қарала бастағаны.  Бұл – өскелең ұрпақтың оқуға деген ынтасын ояту және соған қалыптастыру.  Ал баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның әдебиет таңдауына мүмкіндік беретін бірден-бір мекеме – мектеп кітапханасы.

    Мектеп кітапханасы – балалардың оқуға тәрбиелейтін орта. Бүгінгі мектеп кітапханасы – көпқалыпты және ерекше құбылыс. Ол жайлы жинақтап айтатын болсақ, негізгі ерекешеліктермен сәйкес оның жұмысының нышаны болып ізденіс, өндіріс, жаңарту процесстері табылмақ. Бұл жерде кітапханашылар оқу жетекшілері болып келеді.  Мектеп кітапханасы – көркем шығармаларды оқу арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіруге, сондай-ақ сауаттылықты қалыптастыруға жол ашатын мәдени мекеме. Кітапханадан балалар тіршілігіне қажетті рухани қазынаның бәрін табуға болады. Бай құралдар арсеналын, жұмыс түрлері мен тәсілдерін қолдана отырып, кітапхана баланың шығармашылығына дамуына көмектеседі. Кітапхана – әдептілік пен мәдениетті сақтайтын орын. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерін де түсініп, талдап үйрену және өз пікірін дәлелдеп қорғай білу – осының бәрін балалар кітапханадан үйренуі керек. Осы жолда балаларға жан - жақты тәрбие беріп, адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойға сіңіру, кітап оқудың маңызын көтеру міндеті арта түсуде.             

   Әдебиет – адам баласының өз ойын дұрыс мазмұндауына көмектесетін, әлемдік сөз өнерінің қазынасымен таныстыратын пәндердің бірі. Кішкентай оқырмандарға маңыздысы – кітапханадан кітап қарауға болатындығы. Балалар кітап сөрелеріне емін-еркін жақындап, өздеріне ұнайтын кітаптарын ала алады. Ал кітапханашыларға қажеттісі – балалардың оқырман болып қалуы. Кітапхана қабырғасында балаларды ойлауға үйретеді. Бала бос уақытта кітаппен дидарласу арқылы өзіне рақат сезім сыйлауы керек. Баламен оқу жайлы әңгімелесу, оның қызығушылығын оятып, кітаптағы кейіпкерлермен тілдесуіне жәрдемдесу керек. Кітапханашылар психологтар секілді өздерінің оқырмандарын күн сайын бақылап отырады. Әрбір оқырман өздерінің қызығушылығына, арман-үмітіне қарай әртүрлі тұлға болып шығады. А. Ахматова өзінің «Оқырман» өлеңінде мұны дұрыс айтқан: «Әрбір оқырман жерге көмілген қазына секілді бір құпия», алғашында оны тауып, оған қарап тұрып, біздің алдымыздағы бұл байлыққа таңқаламыз. Басты орынға қызығушылықты қойып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бұл байлықпен не істеуін, оны қалай көбейтуін кітапханашы шешеді. Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оған әрдайым қолдап отыруы керек. Сонда ғана оқырман өз бетімен ізденуге үйренеді. Жаңаға деген қызығушылық тұлғаны рухани жағынан жетілдіре түседі. Осыны жас оқырман ұғынуы тиіс. Оқырмандардың шығармашылық қабілетін, талантын ашу – кітапханашының маңызды міндеттерінің бірі. Балаларды шығармашылыққа баулу – олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру маңызды. Баланы жүйелі оқуға үйрету басқа да ақпаратты тасушылардан да маңызды екенін ата-аналарының өздері де түсінуі керек.  Оқуға деген сүйіспеншілікті міндеттей алмайсың, оны тек қызықтырып, бөлісесің. Кітапханашылар қашан да балалардың оқығанын қалайды. Балалардың оқу не оқымауы, отбасы мен өскен ортасында кітаптардың болуына да тікелей байланысты. 

     Кітапхана баланы біліктілікке дағдыландырады. Сонымен қатар ол қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен үнемі үндесіп отыруы қажет. Осылайша балалардың ақпараттық мәдениеті қалыптасып, бос уақытты тиімді пайдалануға үйренеді.  

    Кітапхана – өскелең жас ұрпақтың бойына ізгілік пен қайырымдылық дәнін себетін қасиетті орын. Жас оқырмандар үшін танымын тереңдететін, білімін толықтыратын және бос уақытын тиімді пайдалануға даңғыл жол ашатын – мектеп кітапханасы.                             

Мектеп кітапханасы аурасынан ұлттық құндылықтардың, қазақ менталитетінің лебі сезіліп тұру керек. Ұлт құндылықтарының иммунитеті – сол ұлттың ана тілі. Өз тілінде сөйлей алмаған бала болашақта өз ұлтын да сүйе алмауы мүмкін. Сондықтан әлем жаһандана бастаған заманда ұрпақ тәрбиесіне, жас балаларға баса назар аудару – әрбір ата - ананың, ұстаздың, кітапханашының міндеті. Мектеп кітапханашысы білімді педагог, білікті психолог болуы керек.

]]>
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

admin Thu, 04 Jan 2024 08:25:31 +0600
Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/727-azastanny-ltty-valjutasyna-30-zhyl.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/727-azastanny-ltty-valjutasyna-30-zhyl.html Қазақстанның ұлттық валютасына

30 жыл.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет.

Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. 

Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
 Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. 
Өйткені ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. 

Ал, теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын. Қай елдің болмасын валютасы мемлекеттің тарихын тікелей баяндайды, заманауи саяси-экономикалық жағдайын және жаһандық дәрежесін сипаттайды. Бүгінде ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды рөлін атқарады. Оларсыз мемлекет аралық қатынастарды орнықтыру мүмкін емес, мемлекет ішіндегі қаржы операцияларының бірін де орындай алмайды. Ұлттық банкнотта мемлекеттің тарихи оқиғалары, елдің мәдениеті мен тарихына елеулі үлес қосқан саяси-тарихи тұлғалардың бейнесі әрі мемлекеттің басты мәдени жетістіктері бейнеленеді. Сонымен бірге, бүгінде ұлттық валюта барша мемлекеттер мен халықтар үшін өте ыңғайлы және экономикалық негізі бар қаржы құралы.

Ең алғашқы ұлттық валютамыз — қазақ теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жарлығында алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті. Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы Қазақстан Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын тәуелсіздіктің көрінісі болды.

]]>
Қазақстанның ұлттық валютасына

admin Thu, 16 Nov 2023 11:57:22 +0600
Тілім менің – тірлігімнің айғағы https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/641-tlm-men-trlgmn-ajay.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/main/641-tlm-men-trlgmn-ajay.html Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

      «Ұлттың қуаты – тілінде» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болса да, ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың болашағы құрдымға кететіні ащы ақиқат. «Ұлт анасы – тіл» деп тегін айтылмаған. «Сол себепті сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.

      Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан барлық замандас қазақ тілін аялап, құрметтеуді алдыңғы орынға қойса нұр болмақ.

    «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» деп жазушы Ә.Тәжібаев жырлағандай, Тәуелсіздігіміздің бас­ты белгісі – ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміз ең асыл қазына, өшпес мұра екенін есімізден шығармайық. Тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреуіне, ана тілінің маңызы айрықша зор екенін ескере отырып, ана тілінің тереңдей дамуына әр азамат бар күш-жігерін салып, өскелең ұрпақ, жас буынға дұрыс бағыт, оң тәрбие беруге жұдырықтай жұмылуы керек.

]]>
Тілім менің – тірлігімнің айғағы

admin Thu, 07 Sep 2023 17:21:58 +0600
"Оқуға құштар мектеп -Оқуға құштарұлт" жобасы бойынша 2023-2024 оқу жылында атқарылатын іс-шараның жоспары https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/oua-shtar-mektep-zhobasy/725-oua-shtar-mektep-oua-shtarlt-zhobasy-bojynsha-2023-2024-ou-zhylynda-atarylatyn-s-sharany-zhospary.html https://altynsarin-sarkand.mektebi.kz/oua-shtar-mektep-zhobasy/725-oua-shtar-mektep-oua-shtarlt-zhobasy-bojynsha-2023-2024-ou-zhylynda-atarylatyn-s-sharany-zhospary.html

]]>

]]>
admin Fri, 01 Sep 2023 16:26:48 +0600