Парктер шеруі-2023 "Табиғатты қорғау" акциясы өтті. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » Парктер шеруі-2023 "Табиғатты қорғау" акциясы өтті.
29
март
2023

Парктер шеруі-2023 "Табиғатты қорғау" акциясы өтті.

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Парктер шеруі-2023»  табиғатты қорғау акциясының ашылуы аясында «Табиғат –тал бесігім» атты ағаш отырғызу іс-шарасының  ақпараты. 

Мақсаты:    

  • Оқушыларға экологиялық тәрбиені сіңіру және қоршаған   

ортаны қорғау 

  • Келешек ұрпағымызға табиғатты қорғауға және аялауға баулу

 «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің   «Парктер шеруі-2023»  табиғатты қорғау акциясының ашылуы аясында «Табиғат –тал бесігім» атты ағаш отырғызу  іс-шарасына 10 «АБ» сынып оқушылары қамтылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен   салтанатты түрде ашылды. Еліміздің табиғи байлықтарын сақтау мақсатында қызмет атқарып отырған «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Марат Нұрғазыұлына алғашқы құттықтау сөзі берілді. Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат тіршіліктің құт берекесі. Табиғат- сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс. Ендеше сол табиғаттымызды сақтауға өз үлесімізді қосып, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырай бәріміздің басты міндетіміз деп жастарды табиғатты аялауға шақырды.  Бүгін өткізіліп отырған «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясына бір ауыздан шақырды.

Сарқан қаламыздың гүлденуіне ат салысып жүрген қала әкімі Амантай Мұқанұлына сөз берілді. Бүгінгі іс-шараға  қатысып отырған қатысушылар, табиғат жанашырлары және  осы іс-шараны ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Адам мен табиғат егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата-бабаңның «Жер- қазына, су алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегің емес деп өз сөзін аяқтады. Бүгінгі өткізіліп   отырған «Табиғат –тал бесігім» атты ағаш отырғызу   акция барысында оқушылар қарағай, шырша ағаштарының көшеттерін отырғызды.

 Экологиялық тәрбие- табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Экологияны ластамауға  жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударуымыз қажет. Еңбектеген бала шағынан туған Отанын сүюге тәрбиелеуді қолға алу   жұмыстарын үнемі жандандыру қажет. Жастайынан бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп өскен бала қоршаған ортасын ластамай, өз елінің табиғат жанашыры болары анық.

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Сол себептен өскелең ұрпақты табиғат жанашыры тәрбиелеу бәріміздің де міндетіміз. Жылдық тәрбие жұмысында да экологиялық тәрбие бағытымен жұмыс істелініп жатыр. Мектеп оқушыларын  бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін  табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив