Мамандық таңдау-маңызды іс
03 қазан 2023 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің контингентті қалыптастыру орталығының директорының орынбасары Биртилаев Ерлан Қадырұлы 11 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау-маңызды іс» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу, өз бойындағы мүмкіндіктерін, қабілеттерін тани білуге жетелеу. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.