«Сардар» аудандық кешенді олимпиадасы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Сардар» аудандық кешенді олимпиадасы
29
март
2023

«Сардар» аудандық кешенді олимпиадасы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 28 наурыз 2023 жылы 11 сынып оқушылары арасында «Сардар» аудандық кешенді олимпиадасының  өтілуі жөнінде ақпарат.
Мақсаты:   
- Өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухани тәрбиелеу  және олардың   азаматтық сана-сезімін қалыптастыру;
-Мектеп оқушылары арасында дарынды  балаларды анықтау.
Міндеттері: 
- Олимпиада негізінде оқушылардың бастамашылдығын және дербестігін дамыту;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолданбалы спорт 
 түрлерін насихаттау;
 -Облыс аймақтарында өскелең ұрпақты патриоттыққа  тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жетілдіру және белсендіру;
- Олимпиада арқылы балалар арасындағы бауырмалдық, ынтымақтастық пен достықты нығайту
       «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша  11 сынып оқушылары арасында «Сардар» аудандық кешенді олимпиадасы 28 наурыз 2023 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта  мектебі базасында өтілуіне орай, «Сардар» кешенді олипиадасының ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы  салтанатты түрде  кіргізілді. «Сардар» аудандық кешенді олимпиадасында  ҚРМ Гимн  орындалды.                               
Аудан бойынша 7 мектеп командасы қатысты.
«Сардар» аудандық кешенді олимпиадасының ашылуына орай алғашқы сөз кезегі Екіаша шекара бөлімшесінің бастығы капитан Ордабаев Азимбек Данияровичке  берілді.
«Сардар» олимпиадасы оқушылардың өзін көрсетуге, таланттарын паш етіп, ой өрісін кеңейтуге, өмірлік қызығушылықтарын анықтауға және жеке қабілеттерін ары қарай дамытуға зор мүмкіндіктер беретіні мәлім. Олимпиада 3-кезеңнен тұрады.
І кезең- теориялық кезең. Яғни математика, физика,орыс тілі, қазақ тілі, алғашқы әскери дайындық пәндерінен тест алынды.
ІІ кезең- практикалық кезең. АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинаудан, саптық дайындықтан нормативтер тапсырылды.
ІІІ кезең-  дене дайындығын анықтау кезеңі. 3000 метрге жүгіру, кермеге тартылу, 100 метрге  жүгірді.
Осы 3 кезең бойынша әділ қазылар құрамы;
- АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинаудан- Екіаша шекара бөлімшесінің бастығы капитан Ордабаев Азимбек Даниярович
- Саптық дайындықтан- Запастағы капитан Стамбеков Серкебай Сембекович
- Дене дайындығын анықтау- Камашбаев Ермек Муратович – әр  кезең бойынша команда әділ бағаланып, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушыларынан құрылған команда жоғарғы балл нәтижесін жинады. 
Аудандық білім бөлімінің І дәрежелі дипломымен марапатталып,  «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасына жолдама алдық. Өскелең ұрпақты елжандылыққа және патриоттық  тәрбиені санасына сіңіру әр ұстаздың міндеті екені анық. Осындай байқаулардың оқушыларға берері көп екені біздерді қуантады.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив