Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мектепішік акция » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мектепішік акция
03
апрель
2023

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мектепішік акция

   «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мектепішік акция, кездесулер жоспар бойынша өтілді. 

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – өскелең ұрпақтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осындай игілі іс үнемі өз жалғасын табуда.Әр ұстаз өз шәкіртінің адал болуына аянбай еңбек етуде.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы» атты дөңгелек үстел 9  сынып аралығында өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айта кетті. Сынып жетекшісі М.Кожахметова өткізді.  

 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа біз қарсымыз» атты сұхбаттасу өтілді. Мақсаты әр баланы әділдікке және шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқу-тәрбие жұмысының   жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып осындай іс-шаралар өтіліп отырады. Сынып жетекшісі А.Атиева.

      «Сыбайлас жемқорлық-ғасыр дерті» атты 11 сынып жетекшілері Р.Нурсапаева, Г.Калыбаева   осы тақырыпта слайд жұмыстарын көрсетті. Жоғарғы сынып оқушылары  жақсы-жаман жақтарын ортаға салып, болашақта өз елінің патриоты болуға өз үлестерін қосатынын мақтанышпен айтып өтті.

 «Жемқорлық ғасыр дерті»  атты акцияны «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Б.Бимолданова ұйымдастырды. Наурыз айында 8-10 сынып арасында «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне  адал еңбек» эссе байқауын өткіздік. 

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күші болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту екені түсіндірілді. Келешек ұрпақтың болашағы жарқын боларына біз сенімдіміз. Тәрбиелі ұрпақ-болашақтың кілті.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив