«Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру –еңбек саласындағы басты қағида» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру –еңбек саласындағы басты қағида»
27
апрель
2023

«Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру –еңбек саласындағы басты қағида»

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен 26.04.2023 ж. аудандық кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу ұйымдастырдым.

        28 сәуір- Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Қазақстандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бастамасымен «Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру –еңбек саласындағы басты қағида» атты тақырыпта мектеп ұжымы аудандық   кәсіподақ ұйымының  мүшесі Смаилова Сандуғаш Оралханқызымен  кездесу өтті. Кәсіподақ – бұл ең алдымен өзара қолдау мен көмектің қоғамдық органы, оның басты мақсаты – мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Өз кезегінде аудандық кәсіподақ ұйымының мүшесі Сандуғаш Оралханқызы  еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге  еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін түсіндірді.Сонымен қатар санаторлық-курорттық емдеу, сауықтыру демалысын ұйымдастыруға және дамытуға белсенді қатысатының, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасылары арасында мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырып тұратының айтып өтті. Кәсіподақ – көптеген өзекті мәселелерді шешуге арналған, өмірлік қиын жағдайға тап болған оқытушылар құрамына, кәсіподақ мүшелеріне материалдық қолдау көрсететіне тоқталды. Айта кетсек  кәсіподақ комитетінің негізгі жұмыс бағыттары:- кәсіподақ ұйымының мүшелеріне (санаторийге жолдамалар) және олардың балаларына денсаулықты жақсартуға арналған «Ана мен бала» жолдамаларына әлеуметтік қолдау (санаторийлерге жолдамалар үшін 40% төлем );

- мерейтой иелерін құттықтау;

- Кәсіподақ жарналары есебінен жаңа жылдық балалар кештерін өткізу;

- қызметкерлердің жаңа жылдық корпоративтік кешіне қаражат салымы. 

Кәсіподақтың негізгі міндеті – жұмысшылардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау екендігін атап кетті. Кездесу еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

 Келесі кезекте мектебіміздің психологы Ермекқызы Қымбат сөз алып ұжыммен психологиялық тренинг өткізіп, мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, дұрыс қарым-қатынас орната білу керектігің  айтып жақсы көңіл күймен аяқтады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив