"Үздік оқырман" мұғалімдер байқауы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » "Үздік оқырман" мұғалімдер байқауы
02
февраль
2024

"Үздік оқырман" мұғалімдер байқауы

Оқушылардың оқу сауаттылығы мен кітап мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің ықпалы зор екенін білеміз. Осы тұрғыда "Оқуға құштар мектеп" жобасына үлес қосу және оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында "А.Байтұрсынұлы Білім академиясы" мекемесі республика көлемінде өтетін "Үздік оқырман" мұғалімдер байқауын жариялаған болатын. 
Республикалық байқау 2 кезең бойынша жүргізілді. Байқау шарты бойынша қатысушы мұғалімдерге оқуға  1-кезеңге 5 кітап, 2- кезеңге 5 кітап, жалпы 10 кітап ұсынылды. Байқау тікелей эфирде жүргізілді. Қатысушыларға әр кітаптан 2 сұрақ қойылып, қатысушы белгілі уақытта 10 сұраққа жазбаша  (эссе түрінде, 100 сөзден кем емес) жауап беруі тиіс. Жалпы оқылған 10 кітаптан 20 сұрақ берілді. Осы байқауға Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамраева Жулдыз Амантаевна қатысты. Жалпы 2 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, нәтижесінде 285 мұғалім ішінен Жетісу облысы бойынша Жулдыз Амантаевна 3-орынды иеленді. 2024 жылдың 27 қаңтар күні  байқау нәтижесі бойынша жүлдегер атанған  ұстазымыз Астана қаласында шақыртылып, арнайы Алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.  Бұл үлкен еңбекпен және кітап оқуға деген құштарлықпен келген жетістік деп ойлаймыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив