Абдишева Гульжаз Сериккалиевна
Абдишева Гульжаз Сериккалиевна
Жеке басы жайлы мәлімет:
1971 ж. 23 қарашада дүниеге келген, Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінің тумасы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің 1988 ж. түлегі . Ұлты – қазақ, отбасын құрған. Тұрғылықты жері – 2000 жылдан Сарқан қаласы.
Кәсіби жолы:
1990-1991 ж.ж Ақсу ауданы, Үлгілі орталау мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі;
1991-1999 ж.ж Ақсу ауданы, Қарасу орталау мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. Мектеп директоры мен аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталған.
2000-2023 ж.ж Сарқан қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Педагог- зерттеуші, еңбек өтілі -33 жыл. Осы жылдар аралығында мектеп әкімшілігі,аудан әкімі, аудандық білім бөлімі, облыстық әдістемелік білім орталығы және республикалық білім орталықтары тарапынан түрлі мақтау қағаздарымен марапатталған.
Соңғы жылдардағы жетістіктері:
2017 – Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты;
2018- Сарқан ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
2019 – Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
2020 – Облыстық әдістемелік орталық басшысының Алғыс хаты;
2022 – «Алтын тұғыр» облыстық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломы.