Хасенова Римма Советкалиевна Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » » Хасенова Римма Советкалиевна Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
13
февраль
2023

Хасенова Римма Советкалиевна Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Жеке басы жайлы мәлімет:

Қарабұлақ орта мектебінің  түлегі . Ұлты – қазақ,  отбасын құрған. Тұрғылықты жері – 2008 жылдан   Сарқан қаласы.

 Кәсіби  жолы:      

2007 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітіріп шықты.

2008 ж. Сарқан политехникалық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2019 ж «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Біліктілік санаты -2019 ж. 20.12. №689 бұйрығына сәйкес педагог-сарапшы

Соңғы жылдардағы жетістіктері:    

2019 ж СЕРТИФИКАТ. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтағаны үшін

2020 ж СЕРТИФИКАТ. «ZHARQYN BOLASHAQ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналына (сабақ жоспарын) баспадан шығарғаны үшін.

2021 ж  ДИПЛОМ  2020-2021 оқу жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін.

2021 ж СЕРТИФИКАТ Жаңаша білім беру мазмұнында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Білім әлемі» баспа бетіне өзінің мақаласын шығарып жариялағаны үшін.

2021 ж СЕРТИФИКАТ  Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Педагог мәртебесінің қалыптасуы-кәсіби біліктілікпен әдістемелік негізінде» атты республикалық конференциясына қатысып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін.

2021 ж Диплом «Педагог хабаршысы .kz» Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық Журналының № 9 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін.

2021 ж Диплом I дәрежелі Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың арасынан ең озық ұстаздарды анықтау, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Жаңашыл мұғалім-2021» атты I Республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткені үшін.

2021 ж Диплом I орын Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Онлайн сабақ өту жолы» атты білім саласы қызметкерлерінің I Республикалық байқауына «Ең үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін.

2021 ж Диплом I орын Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мұғалім шеберханасы» атты шығармашылық байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін.

2021 ж СЕРТИФИКАТ  «Мақала жазып үйренеміз» атты әдістемелік көмекші құралын (авторлық бағдарламасын) баспадан шығарғанын растау үшін берілді.

2021 ж Диплом I дәрежелі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының «Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Жылдың үздік авторы-2021» атты шығармашылық байқауына «Мақала жазып үйренеміз» тақырыбы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін

2021 ж ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ  Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін.


Білімін жетілдіру курстары

2019 ж  Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтағаны үшін.

2022 ж «Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz ҚР жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн-курсын өткені үшін.

2022 ж СЕРТИФИКАТ  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: (педагогтердің пәндік құзіреттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша) педагогтердің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтағаны үшін.