«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-ң 2022-2023 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » » «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-ң 2022-2023 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы
27
сентябрь
2022

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-ң 2022-2023 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы

«Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі» КММ-ң 2022-2023 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы жөнінде ақпарат.

Мақсаты:  Ата-аналармен үнемі жұмысты жандандыру және оқушылаодың білім, тәрбие алуына үлес қосу.


       «Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы 22 қыркүйек күні сағат 16.00 өтілді. 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар, қамқоршылық кеңестің мүшесі С.Молдабекова,әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары, мектептің ата-ана комитетінің төрайымы З.С.Досанаманова, мектеп директоры А.Д.Мусина, мектеп психологы Қ.Ермекқызы, әлеуметтік педагог М.Долданова, ішкі істер бөлімінің полиция инспекторы Ж.Шаров, тәрбие ісінің орынбасары Е.Қамашбаев қатысты.

      Жалпы биылғы жылы«Тәрбие тал- бесіктен»   атты ата-аналар жиналысы мына төмендегі күн тәртібінде жүргізілді. 

1.2022-2023 жаңа оқу жылының басталуы жөнінде. Мектеп директоры А.Д.Мусина 

2 .Жоспар бойынша жалпы ата-аналар жиналысында 2021-2022 оқу жылындаға атқарылған жұмыстарға қорытынды есебі, 2022-2023 оқу жылындаға ата-ана комитетінің жоспарларымен танысу. З.Досанаманова

3. «Тәрбие тал- бесіктен» атты баяндама. Е.Қамашбаев

4.Оқушылардың құқықбұзушылықтарын алдын алу жолдары «Заңды білу заман талабы» атты  кездесу мектеп инспекторы Ж.Шаров.

5. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы әлеуметтік педагог М.Долданова

4. «Өмір қандай керемет» атты психологиялық кеңес беру мектеп психологы Қ.Ермекқызы.

         Жиналыс барысында алғашқы сөз кезегі мектеп директоры А.Д.Мусинаға берілді. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 346 оқушымен оқу жылынаяқтадық. Өткен оқу жылы бойынша 11 сыныпты бітірген 25 оқушының 14 оқушысы мемлекеттік гран иегері атанғанын мақтанышпен жеткізді. Қалған оқушы өздерінің қалауымен жоғарғы оқу орнына түсті. Жылдық жоспар бойынша   жоспарланған іс-шаралардың бәрі өз деңгейінде өтіліп нәтижесін берді. Аудандық, облыс көлемінде оқушыларымыз   жүлделі орындар иеленіп мектебіміздің мәртебесін биіктете түсті.Осы  жұмыстардың нәтижесінде аудандық конференция соңында мектебіміз жүлделі 2 орынды иеленді. 2022-2023 оқу жылын 377 оқушымен бастадық. Жылдық оқу-тәрбие жоспары бекітілініп, жұмыс жасалынып жатыр деп өз сөзін аяқтады.

            Келесі сөз кезегі ата-аналар комитетінің   төрайым З.Досанамановаға берілді.

     2021-2022 оқу жылында ата-аналар комитетінің жылдық жоспары бойынша жұмыс жүргізіліп, қорытындысы шығарылды.2022-2023 оқу жылында оқушылардың тамақтану кезінде тамақтың сапасын тексеру, сабақ кестесінің дұрыс қойылуы,мектеп бойынша қоғамдық жұмыстарға өзім үнемі ат салысып отырамын. Әсіресе биылғы жылы жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа байланысты онлайн жиналыстарға қатысып, ата-аналардың мұң-мұқтаждарын жеткізуге тырысамын. Ата-аналар комитетінің төрайымы болуыма орай осы жұмысты ата-аналармен  ақылдасып шешуге жұмыс жасап отырмын. Жалпы ата-аналар  мені сайлағандықтан үнемі ата-аналармен және ұстаздармен жұмыс жасаймын.

Келесі сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Қамашбаевқа берілді. Сөз басында өзінің «Тәрбие- тал бесіктен» атты баяндамасымен бастады. Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ойөрісі кең, дүниетанымы жоғары, жанжақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасатыны бәрімізге мәлім.

           Сондықтан әр атаана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді.

           «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де  негізгі8 бағытпен тәрбие жұмысы жүріп жатыр. Әр сынып жетекшілері  жылдық тәрбие жұмысы бойынша 35 тәрбие сағатын өткізеді. Жылдық тәрбие жоспары бойынша  айлық, апталық   өткізіп отырамыз. Өскелең ұрпақтың болашағы жарқын болу  тәрбие жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі қажет.Тәрбие жұмысы үнемі өз деңгейінде жүріп жатқанын айта өтті.

             Мектебіміздің полиция инспекторы Ж.Шаров  өзінің ата-аналармен кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама таратты.

          111 - бап. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы 1. Ата - аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi,есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - ата - аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлерді сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс - әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. 331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп сөзін аяқтады.

Әлеуметтік педагог М.Долданова 2022-2023 жылы мектептің әлеуметтік паспорты жасалды. Оқу жылын 337 оқушымен бастадық. 

         1-4= 47 көп балалы: 25,  аз қамтылған: 13, жартылай жетім: 2,  жалғыз басты ана: 7; 5-11=56 көп балалы: 33, аз қамтылған: 11,  жартылай жетім: 5,  жалғыз басты ана,әке: 4, қорғаншылық: 3. Мектеп бойынша АСП алатын оқушылар саны – 25 оқушы. Соның ішінде 1-4= 10 оқушы,5-11=15 оқушы. Әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары бекітілінді. Жоспар бойынша жұмыс тар істелініп  жатқанын айта кетті.

 

 Жиналыс соңында ата-аналарға психологиялық көңіл-күй сыйлау мақсатында «Өмір керемет» 

    тақырыбында тренинг өтті.Тренингтің мақсатында көрсетілгендей ең бірінші ата-аналарға өмір туралы

   керемет ақпарат беріп,ата-аналармен ойын-жаттығу өткізілді. Өмірдің тәтті сәттерін ата-аналарға сезіндіру

   үшін әр тұрлі кәмпиттерге бала тәрбиесіне байланысты өте қызықты ситуациялық сұрақтар жасырылды.Ата-

    аналар ұнатқан тәттілерін таңдап сұрақтарға жауап берді.Тренинг соңында мектеп психологы «Өмір керемет»

     атты өлең шумақтарымен  тренингті қорытындылады .

        


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив