2022-2023 оқу жылында желтоқсан айында тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен атқарылған жұмыстар » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » 2022-2023 оқу жылында желтоқсан айында тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен атқарылған жұмыстар
26
январь
2023

2022-2023 оқу жылында желтоқсан айында тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен атқарылған жұмыстар


     «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен   жұмыс жоспары құрылды. Қатер тобында 8 оқушы және 2 оқушы мектепішілік есепте тұр. Мектеп психологы Қ.Ермекқызы психологиялық жұмысты үнемі жоспар бойынша атқаруда. Мектепішілік  бұйрық шығарылып, осы оқушыларға тәлімгер бекітілінді. Осы оқушылардың басым бөлігі спорттық бағытқа бейіні бара екені анықталып, мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері спорт жағына бейімдеуде. Құқықбұзушылықтың алдын алу барысында жоспар бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен  кездесулерді тәрбие орынбасарлары  ұйымдастырып отырады.  
 Баланың бас ұстазы-ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарпынан жасөспірімдерді тәрбелеуде жіберілетін төмендегідей қателіктер байқалады:
 Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі-психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу – баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру барысында мектеп психологы арнайы жұмыстар жүргізіп, жасырын тест арқылы оқушының өмірге деген көз қарасын анықтайды.   Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастау керек.
           Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасай отырып оқушылардың әлеуметтік жағдайы толық зерттелген. Осы оқушылардың жеке әлеуметтік картасын әлеуметтік педагог М.Долданова  қадағалап отырады.

 Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, жағымсыз жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Жоғарғы сынып оқушылар және ата-аналардың  қатысуымен ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесуді Е.Қамашбаев  ұйымдастырды. Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет екені түсіндірілді. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
 Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
 Халқымыздың рухани мұраларының бірі – салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп.Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
 Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу керек. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
 Егер зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады.
 Қиын балаларға кімдерді жатқызуға болады? Сабақтан көп қалатын, тәртібі мен білімі нашар, адамгершілігі төмен, қарым-қатынас жасай алмайтын, ойлау қабілеті төмен, ашуланшақ, мұғалім талабын орындамайтын оқушыларды «қиын балаға» жатқызамыз. Осындай оқушыларды мектептің педагог-психологтары анықтап, олармен жұмыс жүргізуде.
 Мектеп медбикесі де аудандық нарколог дәрігерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің жетекшімен 9-11 сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырды. Көбінесе, баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. 
Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі бәрімізге мәлім. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив