Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс тақырбында ашық сабақ өткізілді. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс тақырбында ашық сабақ өткізілді.
20
февраль
2023

Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс тақырбында ашық сабақ өткізілді.

    Жыл сайынғы  дәстүрге сай  2022 – 2023 оқу жылының   13.02.2023 – 24.02.2023  аралығында «МИФ» пәндер  бірлестігінің «Ғасырдың ғажайып үш тірегі»  атты апталығы ұйымдастырылды. Аталмыш апталық аясында 9 «А» сынып оқушыларымен   физика пәнінен «Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс» тақырбында жоспарға сәйкес ашық сабақ өткізілді.

    Ашық сабақтың  негізі, Тербелістер және толқындар бөлімі бойынша өткізілді. Оқу бағдармаласына сәйкес оқу мақсаты : еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру, резонанс құбылысын сипаттау болды. Сабақтың басы – «Мәңгілік елдің құндылығы жалпыға бірдей еңбек қоғамы» негізімен бастау алды. 

   Ашық сабақ – ІІІ кезең бойынша ұйымдастырылып, әр түрлі тапсырмалармен қамтамасыз етіліп сабақ мақсатына жетуге ықпал жасалды. Атап айтсақ, «Пазл», «Серпілген сауал», «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап», «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жалған,шын» сынды қызықты әдістермен өткізілді. Оқушылар аталған әдіс – тәсілдер арқылы  Еркін және еріксіз тербелістерді ,резонанс құбылысын ажырата алды. Сабақ барысында оқушылар жұптық және жеке жұмыстық тапсырмаларды орындап, зеттеу жұмысын жасап, есептеулер жүргізді. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен еркін бөлісе алды. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқушылар тапсырмаларды АКТ – мен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру негізінде «Wordwoll» , «learningapps» программасы арқылы түрлі тапсырмаларды орындады. 

   Жоғарыда айтылған тапсырмалармен, әдістермен оқушылар сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын түсіне алды. Барлық оқушылар сабаққа белсене қатысып, тербелістердің түрлерімен танысып меңгере алды.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив