«Қазақстан көлдері және тілдік бағдар негізінде Есімдік түрлері » тақырбында ашық сабақ өткізілді. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Қазақстан көлдері және тілдік бағдар негізінде Есімдік түрлері » тақырбында ашық сабақ өткізілді.
20
февраль
2023

«Қазақстан көлдері және тілдік бағдар негізінде Есімдік түрлері » тақырбында ашық сабақ өткізілді.

    Жыл сайынғы  дәстүрге сай  2022 – 2023 оқу жылының   30.01.2023 – 10.01.2023  аралығында «Лира» пәндер  бірлестігінің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  атты тілдер апталығы ұйымдастырылды. Аталмыш апталық аясында 6 «б» сынып оқушыларымен   қазақ тілі пәнінен «Қазақстан көлдері және тілдік бағдар негізінде Есімдік түрлері » тақырбында жоспарға сәйкес ашық сабақ өткізілді.

    Ашық сабақтың  негізі, Су – тіршілік көзі бөлімі бойынша Морфология негіздерімен өткізілді. Оқу бағдармаласына сәйкес оқу мақсаты : Қазақстан көлдері және сөйлемдегі есімдіктің   қызметін түсіну, есімдіктерді түрлеріне қарай ажырату болды. Сабақтың басы – «Мәңгілік елдің құндылығы жалпыға бірдей еңбек қоғамы» негізімен бастау алды. Оқушылар аталған құндылықтан, еліміздегі мамандықтар, соның ішінде адам өміріне су қатерінен келетін апаттардан құтқаратын су құтқарушылары туралы ойларымен бөлісіп маңызын меңгерді. 

   Ашық сабақ – ІІІ кезең бойынша ұйымдастырылып, әр түрлі тапсырмалармен қамтамасыз етіліп сабақ мақсатына жетуге ықпал жасалды. Атап айтсақ, «Ертегілер елінде», «Жиған – терген », «Өнер алды қызыл тіл», «Қалпақшалар сөйлейді», «Сенемін,Сенбеймін» сынды қызықты әдістермен өткізілді. Оқушылар аталған әдіс – тәсілдер арқылы  Қазақстан көлдері мен Есімдік түрлерін тікелей байланыстыра алды. Сабақ барысында оқушылар жұптық және жеке жұмыстық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен еркін бөлісе алды. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқушылар тапсырмаларды АКТ – мен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру негізінде «Wordwoll» программасы арқылы түрлі тапсырмаларды орындады. 

   Жоғарыда айтылған тапсырмалармен, әдістермен оқушылар сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын түсіне алды. Барлық оқушылар сабаққа белсене қатысып, есімдіктің барлық түрімен танысып меңгере алды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив