English Day сыныптан тыс » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

21
февраль
2023

English Day сыныптан тыс

Тақырыбы: English Day

Сынып: «б»

Пән мұғалімі: Биясил Мадина 

Ағылшын тілі сабағында оқушылармен қызықты ойындар ойнатылып, оқушыларға ағылшын тілі сабағынан сергіту тапсырмалары берілді.

Ағылшын тілін оқытуда оқушының логикалық ойлауын дамыту үшін кітаптарда ойлау әрекеттерін жүзеге асыруды кажет ететін тапсырмалар берілді. Мысалы:

Look at the picture and agree or disagree. – Талдау.

Choose the right sentence. – Салыстыру-талдау.

Arrange sentences in a logical order. – Талдау-салыстыру.

What do you think about Pit? Is it good to do things like that? – Талдау-саралау, ой-қорытындылау 

Оқытудың ағартушылық максаттары. Кез келген тілдің ағартушылык қызметі өте зор. Оқушылар екінші тілді меңгереді, сәйкесінше, ойды білдірудің жаңа кұралын игереді және бұның өзінде оқу пәнінің ағартушылық рөлінің негізі жатыр. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. Оқушылар жаңа тілді оқып үйренуі үшін сол тілде сөйлейтін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты болып табылады.

Ағылшын тілінің терминдерімен салыстыру арқылы оқушы туған тілінің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алды. Сондықтан, бірінші сабақтан бастап ана тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып оқытқан жөн деп есептеймін.

 1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
 Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
 Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.
  2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
 Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
 Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.
  3. «30 секунд» (“30 second”) ойыны
 Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
 Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.
  4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
 Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
 Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
 Мысалы: Swim – son, well, ill, mother
  5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
 Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
 Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
 
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.
  6. «
Шашу»(“Strew”) ойыны
 
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
 
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.
  7. «
Менің заттарым» (“My things”) ойыны
 
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
 
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.
  8. «
Смайликтер»(“Smiles”) ойыны
 
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
 
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.
  9. «
Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыны
 
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
 
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
 
Мысалы:
 - Is it a man (a women)?
 - Does he/she live in…?
 - Does he/she singer (actor, writer)?
 - Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
 - Does he/she wear glasses?
 - When they think they know the person name, they say:
 - Is he …(name)? or is she …(name)?
  10. «
Жалғастыр» (“Continue”) ойыны
 
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
 
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
 arm washer
 tele chair
 win pet
 dish phone
 car ture
 pic dow
  11. «
Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыныМақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.
 
 12. «
Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны
 
Мақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
 
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
 
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.
  13. «
Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны
 
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді
.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив