Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі 26 қаңтар 2023 жылы аудандық кезеңде шебер-класс алаңында І –орын иеленіп, аймақтық шебер-класс алаңына жолдама алдық. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі 26 қаңтар 2023 жылы аудандық кезеңде шебер-класс алаңында І –орын иеленіп, аймақтық шебер-класс алаңына жолдама алдық.
21
февраль
2023

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі 26 қаңтар 2023 жылы аудандық кезеңде шебер-класс алаңында І –орын иеленіп, аймақтық шебер-класс алаңына жолдама алдық.

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілеріне арналған аумақтық шебер-класс алаңына қатысуы жөнінде ақпарат.

Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтер командасын анықтау, қолдау, мадақтау және тәжірибелерін тарату мақсатында өткізіледі 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі 26 қаңтар 2023 жылы аудандық кезеңде шебер-класс алаңында  І –орын иеленіп, аймақтық шебер-класс алаңына жолдама алдық.

Талдықорған қаласы  Н. Островский атындағы №8 орта мектеп базасында аймақтық кезең   16 ақпан 2023 жылы мектеп директорыңы тәрбие   жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог –ұйымдастырушы мен сынып жетекшілері аймақтық кезеңге жан-жақты дайындықпен шебер-класс алаңына қатысты.Шебер-класс алаңы барысында жоғары кәсіби құзыретті, шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, таңдалған тақырып бойынша шебер-класс өткізуге дайындық үшін 30 минут, жүргізуге 40 минут уақыт берілді. Шебер-класс өткізу үшін қажетті ресурстарды толық дайындалып апарылды.

Шебер-класс алаңында қойылатын талаптардың ережесін қатаң сақтадық.    1. Тәжірибе құндылығы                                                                                            2. Инновациялылығы (жаңашылыдығы,идеялары және мазмұнының ерекшелігі);                                                                                                               3. Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы;                                                                                     4. Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;                              5. Уақытты тиімді пайдалануы

Шебер-класс алаңында тақырыптардың біреуін бетпе-беи жеребе тарту арқылы таңдалып, біздің топ №2 нөмірді таңдап, сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру тақырыбы біздің еншімізге түсті. Дайындыққа   30 минут уақыт берілді. Алғашқы болып №1 Ақсу ауданы шықты,№2 Сарқан ауданы болып шықтық. Алғашқы қадам таныстыру 5 минут қалған 35 минут шебер-класс 3 топпен тәсіл бойынша рет-ретімен тәжірибе көрсете отырып, жүргізілді. Сайысқа қатысушылар Талдықорған қаласы М.Жұмабаев орта мектебі, Ақсу,Алакөл,Сарқан,Қаратал аудандары өздерінің біріккен 5 педагогтың жұмысы бойынша  шебер –класс көрсетті. 


 Әділ қазылар алқасы төмендегідей;

Төрағасы: Галия Жолтаевна Мухметова

Облыстық білім  беруді  дамыту  оқу-әдістемелік орталығы директоры; 

Комиссия мүшелері: 

Эльвира Тұрсынбекқызы Досаева 

Облыстық білім  беруді  дамыту  оқу-әдістемелік орталығы директорының  орынбасары;

Меруерт Шайласовна Абдыкалиева- облыстық білім басқармасының орта білім беруді дамыту, қорғаншылық және қамқоршылық, тәрбие жұмысы бөлімінің маманы;

Тұрысбеков Болат Кәметұлы - «Оқу-ағарту, бюжеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ    төрағасының орынбасары. 


Асель Ошан «Пиар- эксперт» 


Қыдыкенова Динара Жәрдембековна- Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі және бастауышта білім беру бөлімінің басшысы.


 Шебер- класс алаңын осы жоғарыда көрсетілген әділ қазы алқалары әр топтың жұмыстарын бағалап, саралап 1-орын Ақсу ауданы  , 2-орын Сарқан ауданы, 3-орын Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы орта мектебі   иеленіп облысқа жолдама алды. Барлық 5 топтың педагогтеріне алғыс хат берілді. Осындай аймақтық шебер-класс алаңында тәжірибе алмасу біздер үшін тиімді екені мәлім.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив