«Шебер сынып» атты аудандық байқау өтті » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

31
январь
2023

«Шебер сынып» атты аудандық байқау өтті

Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтер командасын анықтау, қолдау, мадақтау және тәжірибелерін тарату 

              Міндеттері:  

    -педагогтерге тиімді әдістемелік қамсыздандыру жұмыстарын  жетілдіру

    -педагогтердің кәсіби қауымдастықтарын, кәсіби өзара желісін дамыту;

    -мектептегі инновациялық тәсілдерді жетілдіру;

    -педагогтердің кәсіби имиджін қалыптастыру;

   -тәрбие мен психологиялық қызметінің бірлескен жұмыс сапасын арттыру мен психологиялық қызметінің бірлескен  жұмыс сапасын арттыру механизмдері мен мәселелерін  талқылау, пікірталас алаңын құру;


     «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша  мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Мухамадиева, педагог-психолог Қ. Ермекқызы , әлеуметтік педагог М.Долданова, педагог ұйымдастырушы Д.Бердібаев, сынып жетекші М.Биясил сынып жетекшілерге арналған «Шебер-класс алаңы»   атты аудандық байқауға жан-жақты дайындықпен   қатыстық. 

 Аудандық кезең 2023 жылдық  қаңтар айының 26 күні сағат 10.00 №1 мектеп-гимназия базасында  Сарқан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен   өтілді. Шебер-класс алаңында педагогтер тәжірибе бөлісу  келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Ата-аналармен атқарылатын жұмыстың тиімді әдістері;
  2. Оқушыларға кәсіби бағдар беру қызметін ұйымдастыру;
  3. Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық формалары;
  4. Құқықбұзушылықтың алдын алуда серіктестіктің маңыздылығы;
  5. Білім алушыларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру;
  6. «Оқуға құштар мектеп» жобасының  жүзеге асырудың ерекшелігі
  7. «Мектеп парламенті» жобасын іске асыру тиімділігі
  8. Мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
  9. Мектептегі буллинг және кибербуллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары
  10. Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

Әр мектептен 5 (бес) педагогтан (мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-1, педагог-психолог-1, әлеуметтік педагог-1 педагог ұйымдастырушы-1, сынып жетекші-1) құрылған топ ұсынылған тақырыптардың біреуін бетпе-бет жеребе тарту арқылы таңдап алдық. 

Қойылатын талаптар:

  1. Тәжірибе құндылығы;
  2. Инновациялылығы (жаңашылдығы,идеялары және мазмұнының ерекшелігі);
  3. Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы
  4. Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі;
  5. Уақытты тиімді пайдалануы

    Біздің таңдауымызғы «Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық формалары» атты  таңдалған тақырып бойынша шебер-класс өткізуге дайындық үшін 30 минут, жүргізуге 40 минут уақыт берілді. Шебер-класс өткізу үшін қажетті ресурстарды қатысушы топ өздеріміз қамтамасыз еттік.  Аудан бойынша 8 мектеп байқауға қатысып, шебер-класс алаңы барысында жоғарғы кәсіби құзыретті, шығармашылықпен жұмыс жасайтын «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі  жүлделі   І –орынды иелене отырып, облысқа жүлдеме алдық. Осындай шебер сынып байқауы тәрбие  жұмысына берері көп.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив