«Бұрымды қыз-2023» атты аудандық байқауы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Бұрымды қыз-2023» атты аудандық байқауы
22
февраль
2023

«Бұрымды қыз-2023» атты аудандық байқауы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша   қыздар арасындағы  «Бұрымды қыз-2023» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды


Байқаудың шарттары төмендегідей болды. 

  1. Байқауға  шашының   ұзындығы 65 см  асатын ақылына  көркі сай, қолаң  шашты.8-9-10 сынып  қыздары қатыса алады;

             2.   Шаштың   ұзындығы бастың төбесінен бастап өлшенуі шарт;

Байқаудың өткізілі кезеңдері;

Байқау 5 кезеңнен тұрады:

1.  Шаш ұзындығын өлшеу; 

2. «Мен қазақтың қызымын дара туған» өзін таныстыру. Регламент 5 минут.

 Киім   үлгісі -  ұлттық, шашбаумен өрілген қос бұрым.

3. Өнер сайысы (ән, би, күй, өлең оқу т.б.). Киім үлгісі өздерінің көрсететін өнерлеріне сәйкес.

4. Салт  - дәстүрге байланысты сұрақ - жауаптар 1-2 минуттан;

5. Өзінің дизайнерлік киім үлгісін көрсету (әр түрлі нышанда: импровизацияланған дәстүрлі емес материалдардан жасалған, целофан, қағаз т.б.с.). кезеңдермен қызықты және тартымды өтілді.

Аудандық «Бұрымды қыз 2023»байқауына  12 ару қыз қатысты.

«Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашан да гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі! Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. 

Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру мақсатында «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 10 сынып оқушысы Уралғазы Нұрай қыздар арасында топ жарып шықты. Аудандық  «Бұрымды қыз-2023»  байқауына Уралғазы Нұрай өз өнерін көрсетті. Байқаудың әр кезеңінде өз өнерін көрсете білген ару қызымыз байқау соңында «Білімді ару» номинациясын иеленді. Осындай тәрбиелік мәні зор байқаулардың берері көп.Ұлттың тәрбиесі қыз баладан басталады дегендей қыз баланы тәрбиелеу бәріміздің алға қойған міндетіміз екені анық.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив