1-4 бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыпта наурыз мерекесіне байланысты іс-шара ұйымдастырылды. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » 1-4 бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыпта наурыз мерекесіне байланысты іс-шара ұйымдастырылды.
21
март
2023

1-4 бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыпта наурыз мерекесіне байланысты іс-шара ұйымдастырылды.

15.03.2023 жыл күні «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-4 бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тақырыпта наурыз мерекесіне байланысты іс-шара ұйымдастырылды. 

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шараны  сынып жетекші Кусмолданова Гульмира және 4 «А» сынып оқушылары Орынбек Кәусар мен Ментай Нұрбек жүргізді. Іс-шара мына өлең жолдарымен ашылды:

 Наурызым қайта оралды аты аңыз,
 Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
 Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
 Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

 Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
 Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
 Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
 Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
 
Жүргізушілер кезек-кезек сөз алып, мерекелік іс-шараны бастап кетті.
 Мерекелік бағдарламада мынадай нөмірлер орын тапты:

1. Хор «Наурыз көктем» 2 «Б» сынып оқушылары.
 
2. 4 «А» сынып оқушыларының «Наурыз-жыл басы» атты сахналық көрінісі

3. 3 «А» сынып оқушылары «Жау, жау жаңбыр» биімен  паш етті.

4.  4 «Б» сынып оқушыларының «Бала-бауыр етің» атты көрінісі.
 
5. Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарға шашу ретінде  2 «А» сынып оқушыларының орындауында «Самға» қазақ  биіде керемет болды.
 
6. 3 «Б» сынып оқушылары наурызға байланысты өлең жолдарын нақышына келтіріп айтып берді.

7. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн. Осыған орай 2 «Б» сынып ата-аналары «Тұсау кесер»  дәстүрін көрсетті.

8. Сонымен қатар 4 «А» сынып Қасаболат Ерқанат тойға бата берді.

9. Қонақтар қазақтың ұлттық ойындарының бірі  қол күресті тамашалады.

 Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Іс-шара соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Имангазиева Ақбота Меделбекқызы қонақтарға жылы лебізін білдірді.

Бастауыш сыныптар арасында Наурыз мерекесіне ұйымдастырылған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.




Похожие публикации:

02 апрель 2019 22 Наурыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив