Қош келдің әз Наурыз » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

17
март
2023

Қош келдің әз Наурыз

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
«Қош келдің әз Наурыз» атты наурыз мерекесіне орай өткізген 
іс-шара ұйымдастырылды
Мақсаты-еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін одан әрі дамытуға бағытталған ұлттық бірліктің  басымдықтары бойынша қазақстандықтарды рухани-адамгершілікке біріктіру және ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр) дәріптеу.
Наурыз мейрамының басты жолдауы-жергілікті атқарушы және білім беру органдарының, жұртшылықтың ұлттық мерекені тойлауға күш-жігерін біріктіру.
Ұлыстың ұлы  күні Наурыз мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Жыл басы Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады. Отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша.
Ендеше, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ де Ұлыстың ұлы күні –әз Наурыз мерекесі 5-9 сыныптар арасында  атап өтілді. Бұл мерекеде балалар «Көктем», «Наурыз» тақырыптарына арналған әндер шырқап, өлеңдер оқып, би билеп, салт-дәстүрден көріністер көрсетіп, ұлттық ойындар ойнаудан бір жалықпады. Мерекені 9 «А», 9 «Б» сыныптары «Қара жорға» биімен ашты. Ұлдар өте әдемі қимылдар жасап, биді өз деңгейінде орындап шықты. Сондай-ақ,  өскелең ұрпақтың бойына салт-дәстүрді дарыта отырып «Тұсау кесу» дәстүрін 11-сынып оқушылары ұйымдастырып, көрсете алды. 
Мінекей, мектебімізде Наурыз мерекесі осылай аталып өтілді. Салт-дәстүрден көрініс көрсету, халық әндерін айту, күй шерту шарттары өткенімізді жаңғырту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында қойылған болатын. Ең бастысы, шәкірттердің бойына мерекені тойлау барысында ұлттық құндылықтарымызды сіңіре алдық деген ойдамыз.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив