"Оқуға құштар мектеп" жобасы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы
05
апрель
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастауыш сынып оқушыларымен "5 минут кітап оқу" атты іс-шара ұйымдастырдым. 
  Іс-шараның мақсаты: Жас оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыру, тілді жетік меңгеруге көмек беру. Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды әлеуетін арттыру. 
  Іс-шара барысында оқырмандар үзіліс уақытын тиімді пайдаланып ағылшын тілінде қысқа үзінділер мен жаңа сөздерді оқуға машықтанды. "Менің алғашқы сөздігім" атты кітапқа қызығушылық танытқан оқушылар көп болды.  
   Бастауыш сынып оқушыларын кітапты ұзақ уақыт оқытуға отырғызып қою, біріншіден баланы шаршатып, жалықтырады. Екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Сондықтан ағылшын тілінде қысқа үзінділер мен тиімді жаттығуларды қарастырдым. Оқушыларға берілген бір сағаттық білімнен қарағанда "5 минут оқудың" тиімді тұстарының бала үшін пайдасы зор екенін байқадым. Оқырмандар үзіндіні оқып қана қоймай, мәнін түсініп, есте сақтау қабілеттері де даму үстінде. 
  "Оқуға құштар мектеп" жобасының іске асуына, болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеуге бірлесе ат салысайық!

  Пән мұғалімі: Джалкибай Айдана


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив