19
май
2023
Әскери-патриоттық оқу-дала жиынын
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Байбосынов Ерік Базарбаевич "Әскери-патриоттық оқу-дала жиынын" ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.