11
октябрь
2023
Электрондық темекілер мен вейптерді тұтынудың алдын алу
11.10.2023 ж «Электрондық темекілер мен вейптерді тұтынудың алдын алу» атты 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы,тәрбие ісінің меңгерушілері, әлеуметтік педагог,психологпен кездесу өтті.Мақсаты: темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.Мектеп инспекторы Шаров.Ж.О «Электронды темекіні пайдаланудың алдын алу» бойынша дәріс оқып түбі заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы тусіндірме мәліметтер айтып өтті.Тәрбие ісінің меңгерушілері, әлеуметтік педагог оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, баға жетпес байлық екендігін түсіндіріп, зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыра отырып, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерін түсіндірді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. элек¬тронды темекілер мен айкостар шылымға қарағанда зияны аз деп насихатталады.Мектеп психологы электронды темекінің зияндық жақтарын насихаттау мақсатында жадынама таратты.Оқушылар арасынан электронды темекінің зияны туралы өз ойларын айтып, жаман әдет-қылықтарға жоламауға шақырды.