«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында кездесетін құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында мектеп инспекторының оқушылармен өткізген кездесуі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында кездесетін құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында мектеп инспекторының оқушылармен өткізген кездесуі
14
октябрь
2022

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында кездесетін құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында мектеп инспекторының оқушылармен өткізген кездесуі

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында оқушылар арасында кездесетін құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында  мектеп инспекторының оқушылармен өткізген кездесуі 


 Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. 

11.10.2022 жылы 9-11 сынып оқушылары арасында кездесетін   құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында тәрбие ісінің меңгерушісі,мектеп психологы,әлеуметтік педагог,Сарқан АПБ.ЖПҚ.ЮПТ   инспекторымен бірлесіп «Зорлық-зомбылықты алдын алу»  тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді.Мақсаты құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Сарқан АПБ.ЖПҚ.ЮПТ   инспекторы полиция капитаны Ж.О.Шаров  Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы баяндама оқыды.Халықаралық зерттеулер барысында әдетте мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың нысандарын анықтау үшін түрлі критерий түрлерін айта кетті.Зорлық-зомбылық түрлері психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы,  құрбылар тарапынан қорқытып, үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің ұрып-соғуы арқылы жазалау т.б түрлеріне сипаттама берді.Оқушыларға құқық бұзушылықты болдырмау үшін бопсалау,қысым көрсету фактілері болған жағдайда жасырмай сынып жетекшілеріңе,мектеп психологына хабар беру туралы айтуы талап етілді.Егер айта алмаған жағдайда мектепте «Сенім» жәшігіне жасырын хат жазып салуларыңа болатындығын да  айтты. Жолда жүру ережелері,түнде көшеде жүрмеу туралы оқушыларға ескерту айтылды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мухамадиева А.О  «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында   оқушыларға баяндама оқып,кеңес берді,ситуациялық сұрақтар қойды.Әр оқушы өз пікірлерін білдірді.  «Бала өмірінің қауіпсіздігі»  тақырыбында әлеуметтік педагог оқушыларға жадынама таратып берді.Жадынаманың әр пунктіне тоқталып,түсіндіре кетті.

Оқушылар арасында кездесетін бопсалау,қысым көрсетуді анықтау мақсатында мектеп психологы Ермекқызы Қымбат жасырын сауалнама алды.Мақсаты оқушылар арасында бопсалау,қысым көрсету фактілерін анықтау.Сауалнама 9 -11 сынып   оқушыларынан алынды.Сауалнама қорытындысы бойынша мектебімізде бопсалау,қысым көрсету фактілері  жоқ   екендігі анықталды. Мектебімізде сенім жәшігі үнемі жұмыс жасайтындығын ескертіп айта кетті. Қорытындылай келе зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар.Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив