2023-2024 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » 2023-2024 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.
19
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.

«Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023-2024 оқу жылындағы жалпы ата-аналар жиналысы 19 қазан күні сағат 17.00 өтілді. 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар, әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымдары, мектептің ата-ана комитетінің төрайымы Г.Диханбаева, мектеп директоры А.Имангазиева, оқу ісінің меңгерушісі А.Мухамадиева, мектеп психологы Қ.Ермекқызы, әлеуметтік педагог Ж.Орманбек, тәрбие ісінің орынбасары А.Базильжанова қатысты.

Жалпы биылғы жылы «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы»  атты ата-аналар жиналысы мына төмендегі күн тәртібінде жүргізілді. 

  1. Ата-аналарды педагогикалық қорғау орталығының құрылуы. А.Имангазиева 
  2. 2 . Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. А.Имангазиева 

3. Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу. А.Базильжанова

4.  Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы әлеуметтік педагог Ж.Орманбек

5. Әр түрлі мәселелер

         Жиналыс барысында алғашқы сөз кезегі мектеп директоры А.Имангазиеваға берілді. Мектептегі ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының ашылуы туралы ата-аналарға хабарлап, орталықтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті.  Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге ата-аналарды шақырды. Өз кезегінде ата-аналар орталықтың ашылуын құптап, өз ойларымен бөлісті. 

       Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі А.Базильжанова сөз қозғады. Құқық айлығының аясында жоспар бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, түнгі рейд, электрондық темекі, электросамокаттарды жүргізуге тыйым салынатыны туралы тағы бір мәрте айтып өтті.  

      Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жөнінде әлеуметтік педагог сөз сөйледі. Биылғы оқу жылында 1-4 сынып оқушыларының толықтай тегін ыстық тамақпен қамтылып отырылғанын, күнделікті ас мәзіріне сәйкес тағамдардың тексеріліп берілуін айтып өтті.

    Күн тәртібінің соңғы сұрағы бойынша ата-аналар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив