«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы»
04
январь
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы»

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Мен оқыған бір ертегі», 

«Парасаттылық туралы» 


Қазіргі заман балалар кітапханаларының маңыздылығы.   Кітапханашыларды қуантатыны – балалардың оқу мәселесінің де мәдени феномен ретінде қарала бастағаны.  Бұл – өскелең ұрпақтың оқуға деген ынтасын ояту және соған қалыптастыру.  Ал баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның әдебиет таңдауына мүмкіндік беретін бірден-бір мекеме – мектеп кітапханасы.

    Мектеп кітапханасы – балалардың оқуға тәрбиелейтін орта. Бүгінгі мектеп кітапханасы – көпқалыпты және ерекше құбылыс. Ол жайлы жинақтап айтатын болсақ, негізгі ерекешеліктермен сәйкес оның жұмысының нышаны болып ізденіс, өндіріс, жаңарту процесстері табылмақ. Бұл жерде кітапханашылар оқу жетекшілері болып келеді.  Мектеп кітапханасы – көркем шығармаларды оқу арқылы балалардың ой-өрісін жетілдіруге, сондай-ақ сауаттылықты қалыптастыруға жол ашатын мәдени мекеме. Кітапханадан балалар тіршілігіне қажетті рухани қазынаның бәрін табуға болады. Бай құралдар арсеналын, жұмыс түрлері мен тәсілдерін қолдана отырып, кітапхана баланың шығармашылығына дамуына көмектеседі. Кітапхана – әдептілік пен мәдениетті сақтайтын орын. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерін де түсініп, талдап үйрену және өз пікірін дәлелдеп қорғай білу – осының бәрін балалар кітапханадан үйренуі керек. Осы жолда балаларға жан - жақты тәрбие беріп, адамгершілік, имандылық қасиеттерді бойға сіңіру, кітап оқудың маңызын көтеру міндеті арта түсуде.             

   Әдебиет – адам баласының өз ойын дұрыс мазмұндауына көмектесетін, әлемдік сөз өнерінің қазынасымен таныстыратын пәндердің бірі. Кішкентай оқырмандарға маңыздысы – кітапханадан кітап қарауға болатындығы. Балалар кітап сөрелеріне емін-еркін жақындап, өздеріне ұнайтын кітаптарын ала алады. Ал кітапханашыларға қажеттісі – балалардың оқырман болып қалуы. Кітапхана қабырғасында балаларды ойлауға үйретеді. Бала бос уақытта кітаппен дидарласу арқылы өзіне рақат сезім сыйлауы керек. Баламен оқу жайлы әңгімелесу, оның қызығушылығын оятып, кітаптағы кейіпкерлермен тілдесуіне жәрдемдесу керек. Кітапханашылар психологтар секілді өздерінің оқырмандарын күн сайын бақылап отырады. Әрбір оқырман өздерінің қызығушылығына, арман-үмітіне қарай әртүрлі тұлға болып шығады. А. Ахматова өзінің «Оқырман» өлеңінде мұны дұрыс айтқан: «Әрбір оқырман жерге көмілген қазына секілді бір құпия», алғашында оны тауып, оған қарап тұрып, біздің алдымыздағы бұл байлыққа таңқаламыз. Басты орынға қызығушылықты қойып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бұл байлықпен не істеуін, оны қалай көбейтуін кітапханашы шешеді. Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оған әрдайым қолдап отыруы керек. Сонда ғана оқырман өз бетімен ізденуге үйренеді. Жаңаға деген қызығушылық тұлғаны рухани жағынан жетілдіре түседі. Осыны жас оқырман ұғынуы тиіс. Оқырмандардың шығармашылық қабілетін, талантын ашу – кітапханашының маңызды міндеттерінің бірі. Балаларды шығармашылыққа баулу – олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру маңызды. Баланы жүйелі оқуға үйрету басқа да ақпаратты тасушылардан да маңызды екенін ата-аналарының өздері де түсінуі керек.  Оқуға деген сүйіспеншілікті міндеттей алмайсың, оны тек қызықтырып, бөлісесің. Кітапханашылар қашан да балалардың оқығанын қалайды. Балалардың оқу не оқымауы, отбасы мен өскен ортасында кітаптардың болуына да тікелей байланысты. 

     Кітапхана баланы біліктілікке дағдыландырады. Сонымен қатар ол қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен үнемі үндесіп отыруы қажет. Осылайша балалардың ақпараттық мәдениеті қалыптасып, бос уақытты тиімді пайдалануға үйренеді.  

    Кітапхана – өскелең жас ұрпақтың бойына ізгілік пен қайырымдылық дәнін себетін қасиетті орын. Жас оқырмандар үшін танымын тереңдететін, білімін толықтыратын және бос уақытын тиімді пайдалануға даңғыл жол ашатын – мектеп кітапханасы.                             

Мектеп кітапханасы аурасынан ұлттық құндылықтардың, қазақ менталитетінің лебі сезіліп тұру керек. Ұлт құндылықтарының иммунитеті – сол ұлттың ана тілі. Өз тілінде сөйлей алмаған бала болашақта өз ұлтын да сүйе алмауы мүмкін. Сондықтан әлем жаһандана бастаған заманда ұрпақ тәрбиесіне, жас балаларға баса назар аудару – әрбір ата - ананың, ұстаздың, кітапханашының міндеті. Мектеп кітапханашысы білімді педагог, білікті психолог болуы керек.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив