«Қызғалдақ» қыздар ұйымымен жүргізілген жұмыстар » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Қызғалдақ» қыздар ұйымымен жүргізілген жұмыстар
14
октябрь
2022

«Қызғалдақ» қыздар ұйымымен жүргізілген жұмыстар

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  

«Қызғалдақ» қыздар ұйымымен жүргізілген жұмыстар


 Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы,адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

30-қыркүйек күні  «Қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз!» атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті.Жиналысқа 8-11 сынып қыздары,тәрбие ісінің меңгерушісі, әлеуметтік педагог,мектеп психологы қатысты.Жиналыста 2021-2022 оқу жылындағы «Қызғалдақ» қыздар ұйымының төрайымы Аманбекова Алтынай  жыл   бойына атқарған жұмыстардың қорытынды есебін берді.Тәрбие ісінің меңгерушісі Мухамадиева.А.О «Қыздарға қырық үйден тыйым» тақырыбында қыз балаларға кеңес берді.Қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге пайдалы кеңестерін берді.Қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға,  өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру,  қыздарды  инабатты болуға шақырды. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның зардаптары және сенім телефоны және сенім жәшігі туралы айтылды. «Қазақ қызы қандай болуы керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Қыздар өз пікірлерімен бөлісті. «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында  баяндама оқып  Әлеуметтік педагог Долданова М.Қ сонымен қатар шынайы өмірден мысалдарда келтіріп өтті. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Жалпы қыз балаларға арналған гигиеналық жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу үйрету. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге үйрету.  Қыздарды   тәрбиелеу мектепте ғана емес,ата-ананың да міндеті туралы айта кетті.Мектеп психологы Ермекқызы Қ «Қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз!» тақырыбында баяндама оқыды. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деп бекер айтылмаса керек. Ғұмырлы сөз, әрі, ғұмыр бойы есте сақталуы тиіс сөз. Халқымыз ерте кезден адамгершілікті, ар-ұятты, инабаттылықты жоғары бағалай білген. Өткеннің ен­шісіндегі жақсы дүниені келешектің кемесіне салып, ұлттың ұлылығын танытатын игіліктің барлығы да ұмыт қалмауы үшін қыздың тәрбиесіне мән беру керектігін талап етті. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. 

Халқымызда қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі - күн, жердегі көзі - адамзат. Адамдардың бір - біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Бала жастан жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу - бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі екендігін айтты.Әр түрлі мәселеде оқылған баяндаманың маңыздылығы талқыланды.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2022-2023  жаңа оқу жылында қыздар ұйымының төрайымын сайланды.Мектепте қыздар ұйымы жұмысы жалғасып қыздар ұйымының төрайымы етіп 10 сынып оқушысы Тоқтар Алия,орынбасары 10-сынып оқушысы Салаватқызы Мариям , көмекшілері 10 сынып оқушысы Уралғазы Нұрай,9 сынып оқушысы Серікболқызы Ақбілек тағайындалды. Мектеп психологы «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспармен таныстырып кетті . Жиналыс соңында  қатысқан оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив