«Балдырған» бар кезде балалар әдебиеті өлмейді » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » «Балдырған» бар кезде балалар әдебиеті өлмейді
13
март
2023

«Балдырған» бар кезде балалар әдебиеті өлмейді

«Балдырған» бар кезде балалар әдебиеті өлмейді


Мақсаты: Балаларға қазазақстандық басылымдар туралы мәлімет беру.


  Жарты ғасырдан астам уақыт болған "Балдырған" журналы - елiмiздегi қазақ балаларына арналған бiрден бiр көркем суреттi әдеби басылым. Қара көз қазақ баласы қара танығаннан бастап рухани нәр алатын алғашқы мөлдiр бастау. Жарық көрген күнiнен бергi уақытта оның балауса балғындардың сүйiктiсiне айналып, мектеп бағдарламасына көмекшi құрал ретiнде қазақ ұландарының көркемдiк - эстетикалық танымының қалыптасуына елеулi үлес қосып келе жатқанын қазiргi көзi қарақты кiсiлерге айтып жатудың өзi артық. Өткен уақыт iшiнде өзiнiң авторлар қосынын қалыптастырып, мол тәжiрибе жинақтап, болашағына мықты негiз қалаған балғындар журналы бүгiнгi өзгерген заман сұранысына сай жетiлiп, қанаттанып, жаңа бағытқа қарай бет түзеген. Бұл тұрғыдан алғанда, басылымның келешекте де ана тiлiн ардақ тұтар ұлт жеткiншектерiнiң сырлас досы, сенiмдi серiгi болып, бiлiм бұлағынан үздiксiз сусындата беретiнiне күмән жоқ. Берiлген әдеби туындының тақырыбына қарай көркем суретпен безендiрiлген журналдың әрбiр бетi қызықты оқылады, балалардың танымына дөп келедi. Басылымның қамтитын мазмұны да аса ауқымды. Халқымыздың рухани қазынасына айналған ертегi - аңыз, жаңылтпаш - жұмбақтардан бастап, бүгiнгi күн балаларының өмiрiнен алынған әңгiме - өлең, тақпақ - санамақтар да үзбей жарық көрiп отырады. Сондай-ақ, әлем балалар әдебиетiнiң жауһарларына да тұрақты орын берiлiп келедi. Сирек кездесетiн қолжазбалар қорынан алынған балаларға арналған туындылар – "Мәдени мұра" айдарының еншiсi.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив