:алпы ата-аналар жиналысы » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » :алпы ата-аналар жиналысы
20
апрель
2023

:алпы ата-аналар жиналысы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023 жылдың 20 сәуір күні сағат 15.000 жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Ата-аналар жиналысында  төмендегідей күн тәртібі қаралды.

1. Оқу ағарту министірлігінің ата-аналарға жолдаған үндеу.Жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан, келеңсіз жағдайлардың алдын-алу.

2.Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде заңды өкілінсіз жүруі.Сабақтан кейінгі уақытының дұрыс ұйымдастырылуы.Бала өмірінің қауіпсіздігі.

3.Жазғы сауықтыру, жалпы оқу қорынан сыртқы лагерьге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы.

 Мектеп директоры А Имангазиева «Оқу ағарту министірлігінің ата-аналарға жолдаған үндеуі» туралы айтып өтті. Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық. Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жасауы жиі кездесіп жатады .
 Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда. Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі. Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі. Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімін білдірді.

2. Екінші мәселе бойынша мектептің инспекторы  аға лейтенант Ж.Шаров мектеп бойынша  жоспарланған жұмыс атқарылып жатқанын айтып өтті.  Қазіргі таңдағы жасөспірімдер қылмысының көбеюі бала тәртібіне тек мектеп инспекторы ғана жауапты еместігін, ата-аналар комитеті мен ұстаздар қауымы, құқық қорғау орындары мен жалпы қоғам тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажеттігін аңғартып отырады деді. Енді Мәжілісте қаралып жатқан арнайы заң жобасы бойынша жасөспірімдердің түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көшеде жүрулеріне тыйым салынайын деп тұр. Өз басым бұл заң өте қажет дер едім. Осы мәселе бойынша мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы К.Калиева осы мектеппен үнемі қоянқолтық жұмыс атқарып жатқанын айта кетті. Осы орайда жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүруіне тыйым салатын заң бар екенін ескертіп айтып өтті. Бала өтпелі кезеңде ненің жаман, ненің жақсы екенін көбінесе айыра бермейді. «Ата-ананың балаға берген ең үлкен сыйы – тәрбие» дегендей, оларды біз бүгін осындай жаман әдеттерден сақтандыра алсақ, жарқын болашағымыздың кепіліндей болар еді. Сондықтан балалар сабақ кезінде мектептің, ұстаздарының қарамағында болса, сабақтан тыс уақытында ата-аналарының жанында болса, жаман әдеттерге ұрынбайды.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қали Диана да қазіргі таңдағы жасөспірімдер қылмысының көбеюі бала тәртібіне тікелей байланысты екенін жетік түсіндірді.

3.Келесі мәселе бойынша мектептің тәрбие ісі меңгерушісі А.Мухамадиева  жазғы сауықтыру, жалпы оқу қорынан сыртқы лагерьге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы айтты. Биылғы жылы 1-10 сынып арасында 316 оқушы бар. Онда сыртқы сауықтыру лагерьіне 70 оқушы, мектепішілік мектеп жанындағы «Балауса» лагеріне 45 оқушы, саяхатқа шыгу сыртқы лагерьге:  Балқашқа 30 оқушы. Алакөлге 30 оқушы барады. Осы оқушылардың денсаулығын түзеп   және ата-аналарға жазғы сауықтыру лагеріне оқушыларды толық қамтуымыз керек екенін айтып өтті. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив