Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру ашық сабақ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру ашық сабақ
21
февраль
2023

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру ашық сабақ

Жыл сайынғы  дәстүрге сай  2022 – 2023 оқу жылының   13.02.2023 – 24.02.2023  аралығында «МИФ» пәндер  бірлестігінің «Ғасырдың ғажайып үш тірегі»  атты апталығы ұйымдастырылды. Аталмыш апталық аясында 7 «А» сынып оқушыларымен  математика пәнінің мұғалімі   Нурсапаева Р.Г«Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырбында жоспарға сәйкес ашық сабақ өткізілді.  Ашық сабақтың  негізі, алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
Оқу бағдармаласына сәйкес оқу мақсаты : Қысқаша көбейту формуласы түрлендіріп қолдана алады;Қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктейді.
Күрделі есептер шығаруда формулаларды қолдана алады. Сабақтың басы – «Мәңгілік елдің құндылығы Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» негізімен бастау алды. Ашық сабақ – ІІІ кезең бойынша ұйымдастырылып, әр түрлі тапсырмалармен қамтамасыз етіліп сабақ мақсатына жетуге ықпал жасалды. Атап айтсақ, «Барабан», «Формулалар сөйлейді», «Қатені түзеу», «Сәйкесін тап», «Бос орынды толтыр» сынды қызықты әдістермен өткізілді. Оқушылар аталған әдіс – тәсілдер арқылы  оқушылар қысқаша көбейту формуллаларын пайдаланып есептер шығарды. Сабақ барысында оқушылар жұптық және жеке жұмыстық тапсырмаларды орындады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен еркін бөлісе алды. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқушылар тапсырмаларды АКТ – мен тапсырмаларды орындады. 
   Жоғарыда айтылған тапсырмалармен, әдістермен оқушылар сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын түсіне алды. Барлық оқушылар сабаққа белсене қатысып, алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктей алды.
                
                                    






 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив