« Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!

» » « Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ
10
март
2023

« Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  5 «А»  сыныбымен 01.03.2023ж.  Қазақстан тарихы пәнінен « Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы»  тақырыбында тарих пәні мұғалімі  Г.Ж.Калыбаева ашық сабақ өткізді.

Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру.

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау.

Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру.

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау.


Сабақтың мақсатына жету мақсатында,  бірнеше тиімді әдіс- тәсілдерді қолдандым.

Оқу тапсырмасын сұрау барысында «Word wall» платформа арқылы ұяшықты ашу арқылы сұрақтарға жауап беру  әдісін  қолдандым, сұрақ-жауап  арқылы оқушылардың ойларын қозғап сабаққа көңілдерін бұрғыздым.

Жаңа сабақты «Кинометафра» әдісі бейне жазба көрсетіліп оқушылар түсінгендерін сыныпта талқылады.

 Оқушылар алдына берілген мәтіндермен көрген бейне жазбаны пайдалана отырып келесі тапсырмаларды жасады.

1- тапсырма

«Тарсия» әдісін қолдандым. Оқушылар топпен жұмыс жасады,қима қағаздарды пайдаланып сұрақтардын жауаптарын бір біріне сәйкес келтіру.Оқушылар топпен сұрақтарға жауап берді.


2-тапсырма: «Ақиқат немесе жалған» Жеке жұмыс кестедегі мәтіннің дұрыс бұрысын анықтау.



Б.з.б 138 жылы Қытай императоры У-Ди батыс жағындағы елдерге елшілік жіберді

Ақиқат 

Жалған



Б.з.б 46-30 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы күресте солтүстік ғұндарды қолдады



Қаңлылар жазба деректерге алғаш рет ІІ ғасырлардан бастап аталады. 



Зах каналы Арыстың сол жағалауында орналасқан



Ежелгі Қаңлылардын археологиялық ескерткіштері Жетіасар,Беғазы -Дәндібай,

Ботай



ЕБҚ оқушыға көмекші карточкалар арқылы тапсырма беру

3 тапсырма  «Тарихи диктант»Дәптермен жұмыс

Қытай императоры ------б.з.б 138 жылы батыста жатқан алыс елдерге -------жібереді.Жібек жолы ----- өзені аңғарынан басталады. Қытайдан батысқа бағытталған сауда жолының бір тармағы ------  мен ----------- арқылы өткен.Қаңлы мемлекеті өз жерімен өтетін ----жолын үнемі бақылауда ұстауға ұмтылған.Археологтар қаңылардың көптеген қонысы мен қорымында қазба жұмыстарын жүргізген.Бұл ескеркіштер   ------,---------,------ мәдениеттеріне жатады.

4 тапсырма  Платформа арқылы  «Wordwall» әдісі   сәйкестендіру арқылы сабақты қорытындыладым.

Сабақ барысында топтық, жеке және жұпттық жұмыстар болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Барлығы берілген тапсырмаларды орындай  алды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив